Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері кеңесін құрды
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен аймақтағы қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты.
«Қазір өзекті болып тұрған халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас. Аймақтағы ықпалдастықты күшейтуге екі тарап та мүдделі. Біз ертең Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті 6-шы консультативтік кездесуіне қатысамыз. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарымызды үйлестіру үшін біз бүгін Сыртқы істер министрлері кеңесін құрдық. Бұл қадам екі елді жақындастыра түсері сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.