Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Президент Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі жарлыққа қол қойды. Алайда Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады, деп хабарлайды   Egemen.kz.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.