Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жаңартылған мәліметтер ұсынды.

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жеткен. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.

«Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен», — делінген хабарламада.