Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр – Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді.

«Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық», – деді спикер.
