Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады – Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халық жазушысы Исраил Сапарбайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
«Исраил ағамыз – нәзік лирикасымен, сырлы да сазды жырларымен қазақ поэзиясында өз өрнегін қалдырған ерекше тұлға еді. Оның өлеңі – елдің үні, әні – халықтың жүрегіне айналды», – деп жазды министр.