Автомобильді қыс мезгіліне қалай дайындау керек?

Автомобильді пайдалануды қиындататын жылдың неғұрлым ауыр кезеңі – қыс. Төмен температурада қозғалтқышты іске қосу қиынға соғады жəне əйнектері қырауланып кетеді. Көк тайғақ жол жүргізушіден ерекше сақтық пен шеберлікті талап етеді. Жолға себілген тұзбен құм қораптың жəне оның бөлшектерінің таттануға қарсы қорғанышын зақымдауы мүмкін, сондықтан автомобильді қысқа жақсы дайында, оны қыс жағдайында жүргізудің кейбір тəсілдерін игеру керек.

Двигательді іске қосу үшін негізгі үш шарт — иінді біліктің жеткілікті айналымы, цилиндрге баратын жанар май қоспасының қажетті құрамы жəне свеча (білте) электродтарының арасындағы ұшқынның дұрыс шығуы қажет.
Бірінші шарт аккумулятор батареясының дұрыс-бұрыстығына (дəлірек айтқанда, иінді біліктің айналуы үшін батареядан стартер, арқылы берілетін энергияның жеткіліктілігіне) жəне температураға тəуелді болатын майдың тұтқырлығына байланысты. Сондықтан суық түсімен батареяны толық зарядта, электролиттің тығыздығын 1,28-1,29-ға дейін жеткізеді, ал аязда тым қоюланып кететін жаздық майды қысқа немесе барлық маусымға жарамды маймен ауыстырады. Екінші шарттың орындалуы карбюраторға байланысты болады, өйткені температура төмендеген сайын бензиннің булануы кемиді де, цилиндрдегі жұмыс атқаратын қоспа нашар тұтанады. Қыс түсумен карбюратор жуылып, реттелуге тиісті.
Ең ақырында, үшінші шарттың мəні мынада: свеча күйеден жақсылап тазартылған (немесе жаңасымен ауыстырылған) жағдайда, сондай-ақ оталдыруды дұрыс қоюдың көмегімен одан ұшқынның сенімді түрде дер кезінде шығуына қол жеткізуге болады.
Қыста салқындату жүйесінде судың орнына қатпайтын сұйық пайдаланады (Антифриз, Тосол). Алайда, қолданылған шараларға қарамастан қозғалтқыштың (əдетте көне, тозған) іске қосылуы қиындық келтіретін жағдайы болады.
Сол кезде қатпайтын сұйықтың орнына ыстық суды пайдалануға тура келеді. Сонда двигательді қыздыру үшін оған екі-үш рет ыстық су құйып, салқындаған суды ағызып тастап отырады. Кейбір автоəуесқойлар автомобильді жүргізерде қозғалтқыш картеріндегі майды қыздыру үшін бензинмен жанатын немесе электр желісінен (əдетте жарық көзі желісінен) қоректенетін электр құралдарды қолданады.
Мұндай мақсатқа жайып тұрған отты, мысалы қыздыру лампасын қолдануға болмайды, өйткені бұдан өрт шығып кету қаупі бар, сондай-ақ ол кейбір бөлшектердің тым қызып, жасын кетуіне əрі олардың мерзімінен бұрын істен шығуына əкеп соқтырады.
Қысқы жолда жүргенде автомобиль доңғалақтары жиі тайғанап, кез-келген бағытқа қарай сырғанай бастайды. Автомобиль бұрылған кезде «газды» кенеттен көп бергенде немесе кілт тоқтатқанда, сондай-ақ тежегенде оның доңғалақтарының тайғанау ықтималдығы арта түседі. Сондықтан қыс жағдайында автомобильді аса сақтықпен жүргізу керек. Автомобильді орнынан қозғағанда жəне шапшаңдығын арттырған кезде артқы (жетекші) доңғалағының бір орында тайғанауын болдырмау үшін айналдыру тетігін газды біртіндеп қана арттыра отырып қосады.
Автомобильді бұрғанда осыған сəйкес келетін баяу берілісті алдын-ала қосады, ал доңғалақты қозғалыс желісінен ажыратпайды. Доңғалақ айналдырғы тетік автомобильді желісінен ажыратпайды. Доңғалақ айналдырғы тетік автомобильді тежегенде де ажыратылмауға тиіс. Автомобильді тоқтатқанда тежегішті тек көмекші амал ретінде пайдаланып, негізгі күшті қозғалтқышқа түсіреді, ол үшін доңғалақты біртіндей отырып төменгі берілістерге қосады. Алайда, двигательмен тежеген кезде доңғалақ берілісін бірден кілт қосу, тежегішті күрт басқандағыдай, күшті əсер туғызатыны есте болуы керек, бұл екі жағдайда да автомобиль бір жағына қарай тайғанап кетеді.

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.