Аулалар қардан тазартылсын
Табиғаттың ерекше құбылыстарының бірі – көктемгі су тасқыны. Қыс мезгілі аяқталып, жыл сайын наурыз-сәуір айларында су тасқынына қарсы шаралар қабылданады. Сол себепті, биылғы қыста түскен қарды шығару жұмыстарын қолға алған жөн.
Ұлытау ауданы әкімшілігі ұйымдастыруымен техникалар көшелердің қарларын тазалау үстінде. Қазіргі уақыттан бастап, тұрғындар өз үйлерінің аулаларында жатқан қарларды тазалау жұмыстарын жүргізе бергендері дұрыс. Тұрғын үйдің жан-жағын және үйдің шатырын қардан аршу жұмыстарын толық деңгейде атқарған жөн.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі ескертеді:
– үйіңізді су басу қаупі төніп тұрса келесідей амалдарды істеу керек;
– егерде Сіздің, аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, есте сақтаңыз;
– отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы заттарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты осы бастан бастаған жөн. Ұлытау ауданы тұрғындарын аталған мәселеге бойынша түсінушілікпен қарап, көктемгі уақытта келеңсіз оқиғаларға дайын болуларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Төтенше жағдай оқиғалары туындаған кезде, шұғыл қызметтің «101», «112» телефондарына хабарламалар, ақпараттар беру мүмкіндіктері қарастырылған.
Аталған «101», «112» телефондарына жалған хабарламалар немесе шұғыл қызметтердің телефондарын өз бағыттары бойынша пайдаланбау керектігін ескертеміз.
Медет ИСМАЙЛОВ,
Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері,