Қауіпсіздік қаперден шықпасын
Ұлытау орта мектебінде Балалар күніне орай «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – балалардың жазғы демалыс уақытында өз қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгерту арқылы олардың өмірі мен денсаулығын қорғау.