Қасым-Жомарт Тоқаев: Киберқылмыстардың алдын алу үшін құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер қажет
Мемлекет басшысы соңғы уақытта елімізде интернет-алаяқтық көбейіп кеткенін алға тартып, құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізу керектігін атап өтті.
«Құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп отырған жөн. Киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек. Қажет болса тиісті заңға, құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізген жөн», – деді Президент.