Астана күнінде отшашу бола ма? – қала әкімдігі жауап берді
Астана қаласының әкімдігі елорда күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.
Биыл қала күнінде отшашу болмайды. Дегенмен қаланың 25 жылдығына орай 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғыны мен қонақтары үшін тегін, – деді әкімдік өкілдері.
Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылады. Оның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.