Қаражалда «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады

Биыл «Жасыл ел» жобасы аясында Қаражал қаласында 135 жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Алғашқы еңбек маусымына Қаражал және Жәйремнен 45 бала қатысады.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жауынгерлері Қаражал-Жәйрем аймағын көгалдандыру, гүл отырғызу, көркейту жұмыстарына етене араласады.