«Қара өлеңнің қазығы, Ұлытаудың абызы» атты аймақтық Жүрсін ақын оқулары

Қазақ руханиятының абызы, айтыс өнерінің реформаторы, ақын, журналист, Ұлытаудың даңқты перзенті, Ұлытау облысының және Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» және «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін ЕРМАННЫҢ туғанына 75 жас толуына орай өтетін «Қара өлеңнің қазығы, Ұлытаудың абызы» атты аймақтық «Жүрсін ақын оқуларының»
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Аймақтық «Жүрсін ақын оқулары» айтыс жанашыры, Ұлытау облысы мен Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Молдашұлы Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда.
1.2. Оқулардың мақсаты – ақынның бай мұрасын жастар арасында насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөз өнеріне қызығушылығын ояту және жаңа таланттарды анықтау.
1.3. Оқуларға облыс (аймақ) аудандарынан келген 16-25 жас аралығындағы жастар (мектеп оқушыларының жоғарғы сыныптары, колледж және университет студенттері) қатыса алады.
1.4. Байқауды өткізуге жауапты ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) мен қазылар алқасы құрылады.
1.5. Байқауға Ұлытау облысының әр қала, ауданынан 5 үміткерге дейін қатыса алады.
2. Өткізілу мерзімі мен орны
2.1. Оқулардың өтетін күні: 2026 жылдың 13 ақпаны.
2.2. Өтетін орны: Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ғимараты.
2.3. Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 2-10 ақпан аралығы.
3. Байқаудың шарттары мен талаптары
«Жүрсін ақын оқулары» бір бағыт (номинация) бойынша өткізіледі:
3.1. «Өлең – менің өмірім» (Мәнерлеп оқу сайысы)
• Талаптар:
Сайысқа кем дегенде 20 өлең жаттаған үміткер қатыса алады;
— Қатысушы Жүрсін Ерманның кемінде екі өлеңін жатқа оқуы тиіс.
— Бірінші өлең – ақынның туған жері Ұлытауға немесе елге арналған патриоттық тақырыпта болуы міндетті.
— Екінші өлең – еркін тақырыпта (лирика, толғау, т.б.).
— Оқу мәнері, артистік шеберлік, сахналық киім үлгісі және сөйлеу тазалығы бағаланады.
4. Қатысушыларға қойылатын талаптар
4.1. Қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімде өтінім жіберуі керек (өтінім үлгісі төменде көрсетілген).
4.2. Қатысушылар байқауға өздерінің сахналық киімдерімен және қажетті музыкалық аспаптарымен /минустарымен/ келуі тиіс.
4.3. Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.
5. Бағалау критерийлері және марапаттау
5.1. Қатысушылардың өнерін бағалау үшін аймақтың танымал ақындарынан, өнер қайраткерлерінен және зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасы жұмыс істейді.
5.2. Әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:
• Бас жүлде – 200 000
• I орын – 180 000
• II орын – 150 000
• III орын – 100 000 (2 жүлде)
• Арнайы номинациялар (мысалы, «Көрермен көзайымы» және т.б.).
5.3. Жеңімпаздар дипломдармен, ақынның кітаптарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
6. Өтінім үлгісі
Байқауға қатысу үшін мынадай мәліметтерді жолдау қажет:
1. Аты-жөні, тегі:
2. Туған күні (толық):
3. Білім орны/Жұмыс орны (ауданы, мектебі/ЖОО):
4. Байланыс телефоны:
5. Оқитын өлеңдерінің атауы (мәтінін қоса беру міндетті):
6. Жетекшісі (аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны):
Байланыс ақпараты:
Ұлытау ауданының Мәдениет үйі” КМҚК, Ұлытау ауданы,
Ұлытау селосы, Абай көшесі 1, ulytau.madeniet.uii@mail.ru
