Қарағанды ​​облысының жолдарында судың асып кету жағдайлары жоқ

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Әлеуметтік желілерде облыс автожолдарындағы су тасқыны болып жатқаны туралы бейне таратылуда. Бүгінгі күні 16.00-ге дейінгі жағдай бойынша мұндай деректер тіркелген жоқ.

Өткен тәулікте, 7 сәуірде Қарағанды облысының аумағында қарқынды қар еру және еріген қар суының түсуі нәтижесінде Осакаров және Нұра аудандарындағы автожолдардың үш учаскесінде еріген қар суының құйылу фактілері тіркелді.

Судың ағуы қысқа мерзімді болды.

Су басқан жерлерде ескерту белгілері орнатылып, жол қызметтерінің, жергілікті полиция қызметінің және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Аталған учаскелерде автокөлік қозғалысы тоқтатылған жоқ.

Жол төсемі арқылы өткен су тасқыны тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Автожолдарда орнатылған су өткізу құбырлары тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша