Қарағанды облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Қарағанды облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Құсайын Игембаев тағайындалды. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасын басқарған.

Тағайындау ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша жүргізілді.

Құсайын Игембаев 1962 жылы Балқаш қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жезқазған қаласы прокуратурасының тергеушісі лауазымынан бастаған. Теміртау прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. Содан кейін Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, Шығыс аймағының әскери прокуроры, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. 2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.

Қарағанды облысы прокуратурасының ақпараты бойынша