Қарағанды облысының тұрғындары МӘМС есебінен тегін дәрі-дәрмектер алуда

Жыл басынан бері Қарағанды облысында сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмектерге 19 мыңнан астам рецепт жазылды. Қор дәрі-дәрмектерді төлеуге 1,5 миллиард теңге бөлді.

Осы қаражаттан 225 млн теңгеден астам қаражат шашыраңқы склерозы бар 147 пациентке дәрі-дәрмек төлеуге, 435,7 млн теңге бұлшықет дистрофиясы бар екі пациентке арналған препараттарға жұмсалды.

– Тегін дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық қызметтер қазақстандықтарға медициналық көмек көрсетудің екі пакеті – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді, – деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев. – Егер бірінші пакетте мәртебесіне қарамастан (сақтандырылған немесе сақтандырылмаған) онкологиялық аурулармен, қант диабетімен, туберкулезбен және басқа да түрлерімен ауыратын пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету салынған болса, медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегін медициналық препараттарды сирек кездесетін аурулары бар сақтандырылған азаматтар ғана алады. Өткен жылдан бастап бұл тізімге дюшеннің бұлшықет дистрофиясы, бас сүйек нервтерінің зақымдануы, Альцгеймер ауруы, аллергиялық ринит, глаукома, эндометриоз және т. б. кірді.

Пациенттер үшін қажетті препараттар мен медициналық бұйымдарды тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдар сатып алады, оларды медициналық сақтандыру қоры төлейді. ТМККК және медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде барлығы 141 ауру бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша