Қарағанды облысының миллионнан астам тұрғыны әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесіне ие

Медициналық сақтандыру жүйесінде Қарағанды облысының 1 млн 133 мың тұрғыны сақтандырылған. Бұл халықтың 82,4%-ы, олар үшін тұрақты түрде жарналар мен аударымдар түседі. Сақтандырылғандар медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетіне, оның ішінде қымбат тұратын тексерулерге, талдауларға және операцияларға қол жеткізе алады.

734 мыңнан астам адам жеңілдікті санаттарға жатады — олар үшін мемлекет төлейді, шамамен 462,5 мыңы жалдамалы жұмыскерлер болып табылады, олар үшін жұмыс беруші ай сайын жарналар мен аударымдар жасайды, өңірдің 36 мың тұрғыны жеке кәсіпкерлер ретінде, 51 мыңы — азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар ретінде жарналарды төлейді. Қалғандары жүйеге БЖТ төлеушілер және дербес төлеушілер ретінде кіреді. Өңірдің 228 мыңнан астам тұрғыны сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. Халықтың бұл бөлігіне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен шұғыл көмек, терапевттің алғашқы қабылдауы, әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулар бойынша динамикалық бақылау шеңберіндегі көмек қолжетімді.

— Сақтандырылмаған азаматтар — бұл соңғы 12 айда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешегі бар адамдар: біреудің 1-2 айлық қарызы бар, біреудің қарызы көп. Адам өткізіп алған айларды төлеген кезде мәртебесі «сақтандырылған» болып ауысады және ол медициналық қызметтерді медициналық сақтандыру пакетінен ала алады, — деп түсіндірді Қордың Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Рақышева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша