Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 187 шара өткізіледі
Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай 187 іс-шараны өткізу жоспарланған. Олардың бесеуі халықаралық деңгейде өтеді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен бирифингте мәлімдеді.
«Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыстық іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Облыстық жоспарға 187 іс-шара кіреді. Жоспарды іске асырудың барлық кезеңіне 2021 жылы халықаралық деңгейде 5 іс-шара, республикалық деңгейде 6 іс-шара, облыстық деңгейде 13 іс-шара, қалалық және аудандық деңгейде 163 іс-шара жоспарланған.Жалпы, жыл басынан оқиғалар қатары әр ай бойынша 12 тақырыптық бағытты қамтиды.Сонымен қатар облыстық «Ордалы отыз іс» іс-шаралар жоспары құрылып, бүгінгі күнге жұмыстар атқарылуда», — деді Ерлан Бейсенбайұлы.