Қарағанды облысында тұрғындар өтінішінің арқасында зауыт қалпына келтіріледі

Қарағанды облысының әкімдігіне Қарағанды, Теміртау, Жезқазған тұрғындарынан шағымдар жиі түседі. Өткен жылы 52 мыңнан астам өтініш тіркелген. 3 мыңнан астам адам қабылданды.

Олардың қатарында Шахан тұрғындары да бар. Олар Жеңіс Қасымбектен полиция бастығын тағайындауды сұрады, себебі басшылар үнемі өзгеріп отырған. Кенттің бас полицейі тағайындалды — мәселе шешілді. Сондай-ақ, шахандықтардың өтініші бойынша темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт қалпына келтірілуде, онда жұмыс орындары құрылып, балаларға арналған шағын орталық ашуға уәде берген инвестор табылды.

Бұл мәселелер, жәнеде олардың шешімдері секілді, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің ай сайын азаматтарды онлайн-қабылдау өткізуінің арқасында мүмкін болды. Кездесулерде өңір тұрғындары жеке мәселелермен қатар, қоғамдық маңызы бар мәселелермен де жүгінеді. Тікелей өзара әрекеттесу әртүрлі жағдайларды жақсартуға көмектеседі.

Тұрғындар тікелей сұрақ қоя алуы үшін Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының басшылары әлеуметтік желілерде тұрақты негізде «Әкім сағаты» тікелей эфирлерін өткізеді және келіп түскен барлық өтініштерге жауап береді.

Тақырып бойынша ТКШ және абаттандыру, еңбек және жұмыспен қамту мәселелері басым. Көптеген өтініштер кәсіпкерлікпен, денсаулық сақтаумен, әлеуметтік қамтамасыз етумен байланысты. Топ-сұрақтар қатарына тұрғын үй және жер мәселелері кіреді.

Осы немесе басқа мәселер бойынша шағымдануға болатын сайттар арасында тек әлеуметтік желілер ғана емес, сонымен бірге облыстың барлық коммуналдық кәсіпорындарын біріктіретін және қала тұрғындарымен байланысатын, тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай Senim109 үйлестіру орталығы да бар. 109 қысқа нөміріне (қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) қоңырау шалу арқылы, senim109.kz порталы арқылы қызметке жүгінуге болады немесе WhatsApp — 8-701-7-109-109, Telegram-bot — senim109kz_bot арқылы жазуға болады. Қызмет парақшалары әлеуметтік желілерде де бар.

Бұл құрылым 2019 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында құрылған. Мақсат — халықпен байланысты жақсарту болды.