Қарағанды облысында оқушылар саны 5000-ға өсті

Қарағанды облысында 209 мың оқушы үшін жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 5000-ға артты. 1 қыркүйекте 20 800 бірінші сынып оқушысы алғаш рет партаға отырады.

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың төрағалығымен өткен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты облыстық комиссия отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды. Кездесу онлайн режимде өтті.

Өңірде 489 қалалық және ауылдық мектеп жұмыс істейді.

Комиссия отырысында шағын жинақты мектептердің жұмыс істеуіне қатысты мәселе қозғалды. Кейбір ауылдық мектептерде балалардың жетіспеушілігі байқалады. Мектептерде 5-10 баладан оқитын аудандар бар. Білім беру сапасы туралы мәселе туындады, сондықтан бірқатар объективті себептерге байланысты кейбір мектептер қайта құрылды. Басты негіз — ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілеген балалар саны бойынша нормативтерге сәйкес келмеу.

Мектептер жабылған әрбір елді мекен бойынша балалардың оқуын қайда жалғастыратыны туралы мәселе шешілді. Оларды жақын маңдағы басқа ауылға және қайтадан үйге алып баратын болады, бір бөлігін интернаттарға орналастырады, деп хабарлады білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Абзал Нүкенов тасымалдаумен ешқандай проблемалар болмауы тиіс екенін тілге тиек етті. Ол атап өткендей, балалар сапалы білім алуы тиіс, ал шағын жинақталған мектептерде кадрлар жетіспеушілігі мәселесі туындады.

– Бұл мәжбүрлі шара болды. Біз балалардың болашағы туралы ойлануымыз керек, ертең олар білімді болып шығып, ЖОО мен колледждерге түсіп, мамандық алуы керек, – деді облыс әкімінің орынбасары. – Барлық мәселелерді балалардың мүдделерін ескере отырып шешу керек және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажет.

Комиссия сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және медициналық оңалту мәселелерін қарады.

Абзал Нүкенов барлық бағыттар бойынша тапсырмалар берді. Әкім орынбасары балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударды.