Қарағанды облысында 703 адамнан індет анықталды
Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәуліктегі COVID-19 індетінің таралу статистикасын жариялады. Ел бойынша 5179 адам сырқатқа шалдықты. Олардың 703-і Қарағанды облысының тұрғындары.
Жалпы алғанда елімізде бүгінге дейін 504 290 адамнан вирус анықталған, олардың 49 346 қарағандылықтар.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 2529 адам вирусты жеңген екен. Ал, Қарағанды облысында 506 тұрғын сырқатынан сауықты.