Арқа төсіндегі ғажайып

Жұмыр жердегі кез-келген мемлекеттің дербес астанасы болуы – заңды құбылыс. Сол қалада мемлекетті басқару орындары, мәдениет ошақтары мен әлеуметтік және стратегиялық маңызды жоғары мекемелер орналасады. Мысалы Францияның Париж қаласы, Англияның Лондоны, Жапонияның Токиосы, түріктердің Анкарасында халық көп шоғырланған. Ел астаналарында мәдениет пен білім, өнер мен әлеуметтік салалар жақсы дамыған.

Қазақстанның алғашқы астанасы 1917-1920 жылдары Семей қаласы (Алаш автономиясы болғандықтан Алаш-қала аталған) болды. Ал, 1920 жылы ҚырғызАССР-ы астанасы болып Орынбор қаласы болып бекітіліді. Республиканың аты ҚазақАССР-ына ауыстырылып, 1925 жылы астанасы Ақмешітке көшті де, қала аты бірден Қызылорда болып өзгертілді. 1929 жылы астана тағы да өзгеріп, бұл жолы таңдау Алма-Ата қаласына түсті. Тек ҚазақАССР-ы РКФСР құрамынан бөлініп, Қазақ ССР-ы болып қайта құрылуына байланысты Алматы болып өзгертілді. 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1997 жылдың 6 шілдесі Астана күні болып бекітілді. Сағымды дала Сарыарқа төсінен орын тепкен, ерке Есілдің екі жағалауын бойлай салынған ару – Астана, осы уақыт ішінде адам танымастай өзгерді. Тұрғын үй кешендері, сәулетті де сәнді салынған саналуан ғимараттар мен ойын-сауық отаулары, субұрқақтар мен гүлзарлар Астананың ажарын аша түскендей. Құрылыс жұмыстарының барлығы дерлік соңғы үлгіде жүргізілген. Бас қаламызды жайқалған жасыл желек көмкерген, саябақтар саны жыл санап артуда. 2000жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының мүшесі. 2019 жылдың 23 наурызындағы ел Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталды. 722 шаршы метр аумақты алып жатқан Нұр-Сұлтан қаласында, 1 млн. астам халық тұрады. Ел астанасына деген ел құрметі ерекше!

Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ