АПТАП ЫСТЫҚ АРҚА ЖҰРТЫН АЛАҢДАТЫП ТҰР
Күннің күрт ысып, өрт қаупінің күшеюіне байланысты Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы, Ұлытау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Жедел кезекшінің орынбасары, Жаңаарқа ауданы әкімінің сала жөніндегі орынбасары және Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бөлімінің өкілдері Ұлытау облысының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ-нің орманды алқаптарын, орман өртін сөндіру станциясының өрт сөндіруге дайындығын тексерді.
Тексеріс барысында өрт сөндіруге арналған техника, құрал жабдықтардың толықтай жарамдылығы, орманды алқаптардың өртке қарсы жолақтарының күтіп ұсталуы, жанар-жағармай қорының сақталуы қадағаланды.
Сонымен қатар үгіт-насихат жұмыстары негізінде Қараағаш ауылдық округінің тұрғындары және шаруа қожалықтарымен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.