Аналар – құрмет құшағында

Гүл-көктемнің көгілдір мерекесі – Халықаралық әйелдер күнін ұлытаулықтар да жоғарғы деңгейде атап өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткізілген іс-шараға аудан әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ қатысып, аяулы аналарды, түрлі салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтады.

– Тарихтың өзгеше жағдайларында өмірге келген – 8 наурыз мерекесі қазіргі заманда нәзік жандардың бүгінгі қоғамдағы алар орнына сәйкес, жаңа мазмұнға ие болды. Мемлекет жүргізіп отырған саясаттың арқасында еліміз ана мен баланың құқықтарымен мүдделерін қорғау бағытында ілгерілеу үрдісіне қол жеткізді.
Біздің ауданда да ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларын әлеуметтік тұрғыда қолдауға бағытталған бағдарламалар үздіксіз жалғасуда. Қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің кез-келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес.
Аналар, Сіздер қандай мақтауға болсын, қандай марапатқа болсын лайықтысыздар. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және табыс тілеймін,–деді аудан басшысы.
Сөз соңында Аманжол Батырбекұлы Ұлытау ауданының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесімен адал еңбегі үшін Жезді кентінің «Таңшолпан» балабақшасының директоры Айнамкүл Мұқышеваны, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Гауһар Қоғамбаеваны, №1 Ұлытау тірек мектебінің іс-қағаздар жүргізушісі Ажар Балабаеваны, ұлытаулық жеке кәсіпкер Ботакөз Бабатаеваны, аудандық мәслихат депутаты Гүлдана Асанханованы – Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Айна Шәкімова, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есепшісі Гүл Жыңғылбаева, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Айгүл Өмірбаева, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы Айзат Исмаилова, Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер мекемесінің мұрағатшысы Тоғжан Ибрагимова, аудандық экономика және қаржы бөлімі әлеуметтік даму секторының бас маманы Гүлден Серік, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Бибігүл Төлеу, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Әсемай Жеңсікбаева – аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Марапаттау рәсімі одан кейін де жалғасты. Салтанатты жиында аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының фельдшері Ғайша Сейілова, Қаракеңгір ауылдық округінің кітапханасының қызметкері Гүлжамал Хамитова, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметкері Гүлнар Сағындықова, аудандық білім бөлімінің қызметкері Балдырған Ақышева – Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапаттарды Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы Ахат Құрмансейітов табыс етті.
Сонымен… Салтанатты шарада асыл жандар құрмет биігінен көрініп, алқызыл гүлге оранды. Жүрекжарды лебіздер қыз-келіншектерге арналып, көрікті мереке шуақты әсер сыйлады. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.