Алматылық тұрғын жаңа Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқан

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Қазақстан Конституциясының жаңа жобасында шетелдіктерге жер сату тыйымы алынып тасталғаны жөнінде жалған ақпарат тараған.


«Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар өзгермеген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының талаптарына толық сәйкес келеді», — делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.

Жалған ақпарат таратқаны үшін Алматы қаласының аудандық әкімшілік соты азаматты кінәлі деп танып, 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салды.