Ұлытау ауданы әкімінде – жаңа орынбасар

Ішкі конкурс нәтижесінде Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Батырбекұлы Мырзабековтың 21 желтоқсан 2023 жылғы №436ө өкіміне сәйкес, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Алмат Қайратұлы Сакипов тағайындалды.

Алмат Қайратұлы Сакипов 11 мамыр 1986 жылы Алматы қаласында туған. Үйленген. 3 баласы бар.

Білімі:
2008 жыл — Қазақ қатынас жолдары университеті-құқықтану;
2013 жыл — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті- экономика саласын құқықтық реттеу;
2022 жыл – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бойынша білім алған.

Еңбек жолы:
2007-2009 жылдар аралығында «Альянс Банк» АҚ Жезқазған филиалы «Ұлытау» бөлімшесінде бэк-офис маманы, бас маман;
30.09.2009-15.03.2010 жылдар аралығында Ұлытау аудандық мәслихат аппаратының бөлім бастығы;
15.03.2010-01.12.2010 жылдар аралығында Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі;
11.03.2011-03.12.2013 Ұлытау аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы;
03.12.2013-31.08.2017 Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы;
04.09.2017-08.12.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ Ұлытау ауданының Статистика басқармасының басшысы;
09.12.2019-10.06.2020 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ Сәтбаев қаласының Статистика басқармасының басшысы;
11.06.2020-19.10.2022 Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұлытау ауданының Статистика бөлімінің басшысы;
20.10.2022-12.07.2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті тіркелімдер және құрылымдық статистика бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Ұлытау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру жөніндегі бас инспектор қызметін атқарды.