Қайырымдылық – ізгілікке бастар жол

ҚХА облыстық «Жомарт жан» орталығының мүшелері — Шубаева Жаннат Бағдатқызы, Бахбергенова Меруерт Мұқарқызы, Фатхутдинова Рамзия Ахмеровна және Токимбаев Ержан Аманжолұлының қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті.

Аталған игі іс Жезді кентінің аз қамтылған отбасыларына азық-түлік түріндегі көмек көрсетілді. Осындай жанашыр жандардың арқасында мұқтаж отбасыларға қуаныш пен үміт сыйлап, қоғамда мейірімділік пен бірлік нығая түспек. Барша атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.