ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ҚАЙЫРЫ
Облыс әкімі грантының иегері Ұлытау ауданында өзіне-өзі қызмет көрсететін автокөлік жуу орталығын ашты.
Ұлытау облысы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған грант иегері – ұлытаулық жас кәсіпкер Ғибадат Бекетай.
Ол бүгінгі күні мемлекеттік қолдау шараларының арқасында көлік жуу орталығын ашып отыр.
Айта кетейік, Ғибадат Бекетай осыған дейін аудан әкімінің грантына ие болып, Ұлытауда «Бекболат» атауымен автодүкен ашқан болатын.