Қайта есептеу жүргізіледі

 Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Үсенов және Жезқазған ЖЭО, «Қазақмыс дистрибьюшн» ЖШС және «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ бірінші басшылары 91-94 орамның тұрғындарымен кездесті. Жұмыс сапары осы тұрғын алаптарын жылумен қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.
 Халықпен пікірлесу барысында жылумен жабдықтау сапасына және коммуналдық қызметтер үшін тиісті қайта есептеуге қатысты мәселелер талқыланды.
 Кездесу қорытындысы бойынша «Қазақмыс дистрибьюшн» ЖШС және «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ басшылығына тұрғын үйлерде заңсыз орнатылған сорғы жабдықтарын анықтауға қатысты тапсырмалар берілді.
 Сондай-ақ, 91-94 орам тұрғындарына коммуналдық қызметтер үшін қайта есептеу жүргізілетіні туралы хабарланды. Ол үшін азаматтар өтініш жазуы керек. Кездесуде барлығы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес болады деп атап өтті.