Агро кәсіпті дамытушыларға мол мүмкіндік
Жезқазғанда Аграрлық несие корпорациясының кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев арнайы қатысып, кеңсенің лентасын қиды.
Ұлытау облысы бойынша 2022 жылы Аграрлық Несие Корпорациясы арқылы 2 млрд. 284 млн. теңгеге барлығы 161 несие берілген. Оның ішінде АгроБизнес бағдарламасы бойынша 58 несие барлығы 1 млрд. 496 млн. теңгеге берілді.
«2023 жылы өңірімізде 1 млрд. 807 млн. теңгеге 120 несие мақұлданды, оның ішінде соммасы 1 млрд. 102 млн. тг. құрайтын 33 несие «АгроБизнес» бағдарламасы арқылы болса, соммасы 25 млн.тг. болатын 2 несие «Кең дала» бағдарламасы арқылы берілді. Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар ауыл шаруашылығын дамытуға үлесін қосатынына сенеміз» – деді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.
Айта кетейік, Ұлытау облысының тұрғындары үшін Аграрлық несие корпорациясының Жезқазған қаласындағы кеңсесі Ғарышкерлер бақжолы 40А мекенжайында қызмет көрсетеді.