АЭС салу елімізге тиімді

Елімізде атом электр стансасын салу туралы маңызды талқылаудың жүріп жатқанына біраз уақыт болды. Бірі дамыған елдердің тəжірибесіне сүйеніп, қолдау білдірсе, екінші тарап радиациялық зардабын алға тартып, қош көрмей отыр.

Дегенмен бұл мəселені алғаш сөз еткенде-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне АЭС салуды жалпыхалықтық референдум арқылы шешетінімізді əуел бастан ескерткен. Президент 2 қыркүйектегі Жолдауында бұл тақырыпқа бөлек тоқталғаны да белгілі. Мемлекет басшысы бас құжатта жаһандық энергетика тапшылығының күшейіп бара жатқанын алға тартып, елімізге сенімді жəне экологиялық таза қуат көздері аса қажет екенін атап өтті.
АЭС салу елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал ететінін атап өттуге болады. Сондай-ақ атом энергетикасы жаңа өндіріс орындарын дамыту перспективалары және лайықты еңбек жағдайын жасайды.
Біз­де ин­вес­тицияны былай қой­ғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құл­дыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын халыққа кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек.

Мария УКАШАЕВА,
Байқоңыр ауылдық округінің тұрғыны.