АБАТТАНДЫРУ – АЙМАҚ АЖАРЫ
Жезқазғанда Бейбітшілік даңғылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Достар Строй К» ЖШС арасында «Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының алдындағы Бейбітшілік даңғылын жарықпен безендіру» бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалды.
Сметалық құжаттамада 714 шаршы метр тас төсеуіш (брусчатка) ауыстыру, 140 шаршы метр асфальтбетон қоспасын төсеу, 10 жарықтандыру тірегін, орындықтары бар 4 қоқыс жәшігін, (240 м жарықтандыру элементтері бар) 28 сәндік саябақ тіректерін орнату қарастырылған.
Жұмыстарды 2023 жылдың 1 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда.