Облыс әкімінің бірінші орынбасары Аман Сайлаубекұлы Бәрекенов өңірдегі Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті
Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасына қатысты ұсыныстары мен ескертулері талқыланды.
Аман Бәрекенов атап өткендей, құжат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, экономиканың нақты секторын дамыту, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысын арттыру мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған. Сондай-ақ ол Жоспарға енген ауқымды жобалардың маңыздылығына тоқталды: соның ішінде қуаттылығы орташа мұнай өңдеу зауыты, ет комбинаты, күкірт қышқылы мен химия зауыты, ЖЭС-2 және құс фабрикасының құрылыстары келешекте басталып, аймақтың одан әрі дамуы үшін берік өнеркәсіптік базасын құруға негіз болатыны атап өтті.Аймақ экономикасын кеңінен әртараптандыру үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Өз кезегінде Қоғамдық кеңес өкілдері денсаулық сақтау, білім беру, жүріп-тұруы шектеулі азаматтардың инфрақұрылымға қолжетімділігі, абаттандыру саласындағы түйткілді мәселелерді ортаға салды.
Жиын соңында Аман Бәрекенов жұртшылық пен әкімдіктің ашық өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті, осы тұрғыда қоғам өкілдерімен онлайн режимде, жалпы чат құру арқылы байланыс орнатып, Қоғамдық кеңестің әр мүшесі облысты дамытудың кешенді жоспарын қорғауға атсалысып, өңір тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында нақты ұсыныстарын жасап, пікірлерімен бөлісті.