Қиянбеков Жеңіс Шәдіұлы ҚР ҚМ ҚК Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының 2022 жылы 11 тамыздағы №578 ж/қ бұйрығымен Қиянбеков Жеңіс Шәдіұлы ҚР ҚМ ҚК Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жеңіс Шәдіұлы Қиянбеков 1986 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін қаржыгер, Е.Букетов атындағы Университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005-2012 жылдары Алматы, Астана қалаларында қаржы басқармаларында, қазынашылық департаменттерінде түрлі қызметтер атқарған.
2012-2014 жылдары Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласы бойынша қазынашылық басқармаларының басшысы қызметін атқарған.
Тағайындалғанға дейін ҚР Бас прокуратура Ішкі аудит басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.