Тағайындау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы лауазымына Ахметов Берік Мұхамеджанұлы тағайындалды.
Берік Мұхамеджанұлы 1961 жылы Қарағанды облысында туған.
Екі жоғары білімі бар. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды, Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ағадыр ауданында жұмысшы болып бастаған. Мемлекеттік қызметте 1987 жылдан бері еңбек етеді. 25 жылдан астам уақыт Жезқазған және Қарағанды облыстарының прокуратура органдарында жұмыс істеді.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.
Үйленген, 3 баласы бар.