Облыстың алғашқы қоғамдық кеңесі құрылды

132 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ұлытау облысы қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.
Облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін 22 шілдеде «SARYARQA» және «Жезказганский вестник» газеттерінде облыстық қоғамдық кеңеске мүше болуға өтініштер қабылдау туралы хабарландыру беріліп, нәтижесінде 20 адамнан өтініш түсті.
✅Жұмыс тобының жүргізген әңгімелесу нәтижесінен кейін 13 адамнан тұратын облыстық қоғамдық кеңес құрылды. Осылайша құрамында әр түрлі категория (өнеркәсіп, спорт, бизнес, мәдениет, педагогика, ауыл шаруашылығы салалары қамтылған, сондай ақ, арасында 1-ші топ мүгедегі, көп балалы ана бар) облыстың барлық қалалар мен аудандарының өкілдерінен тұратын облыстың алғашқы қоғамдық кеңесі жасақталды: Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлы, Мукеева Аяна Мақсұтқызы, Маткенов Мұрат Қадірұлы, Абжаппаров Абзал Мұсылманбекұлы, Хамитов Мархат Ысқақұлы, Бегенов Бауыржан Жаппасұлы, Жақсыбеков Данияр Даукенұлы, Ким Артем Сергеевич, Оспанов Сәкен Жайлаубайұлы, Ізтөлеуов Дәурен Досымұлы, Бекмағанбетов Марат Егінбайұлы, Төкішова Ақжарқын Ғалымқызы.
✅Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлын қоғамдық кеңес төрағасы ретінде сайлады.
Билік пен халық арасында алтын көпір болатын қоғамдық кеңес жұмысына жемісті еңбек тілейміз.