Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары Сәтбаев қаласына жұмыс сапарымен барды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Аман БАРИКЕНОВ пен облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары Ұлантай ҮСЕНОВ Есқұла суағарының 3-ші көтеру сорғы станциясында, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 320 орындық жаңа балабақша мен Оқушылар сарайында болды.
✅ Әкім орынбасарлары құрылыс нысандарында атқарылып жатқан жұмыстар легімен танысты.
Аталмыш нысандар екі жылға жуық Қарағанды облысына қарасты болған. Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің коммуналдық және экономика сұрақтары бойынша орынбасарлары мен мердігер ұйымға қатаң ескерту жасалды.
✅ Балабақша құрылысын аяқтау үшін Ұлытау облысынан қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін мердігер нысанды толық аяқтауы қажет.
✅ Оқушылар сарайындағы жұмыстар бойынша облыс әкімінің орынбасары көңілі толмайтындығын тілге тиек етті. Нысанды аяқтау бойынша да қосымша қаражат қарастырылатын болады.
✅ Облыс әкімінің бірінші орынбасары бөлінген қаражатты толық игеріп, нысанды қабылдау үшін техникалық қадағалау мекемесімен, жергілікті билік өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
✅ Жұмыс сапарындағы соңғы нысан орталық аурухана болды. Мұнда бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. А.БАРИКЕНОВ аурухананың бас ғимаратында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысының барысымен танысып, «RAKADA GROUP» ЖШС мердігер ұйым өкіліне жұмысты тоқтатпай, одан әрі жалғастыруды тапсырды.