НҰРКЕН БЛЯЛОВ Ұлытау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды

Нұркен Аманбайұлы Блялов 45 жаста, Шет ауданының тумасы.
Екі жоғары білімі бар, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің түлегі.
Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының сот приставы боп бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысының сот жүйесінде, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қызмет атқарған. Тағайындалғанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
Отбасылы, 1 баласы бар.