ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ Ұлытау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Жеңісбек Алпамысұлы Ахметов 37 жаста, Қызылорда облысының тумасы.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы бойынша Салық басқармасында маман болып бастады. Әр жылдары Қызылорда облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінде лауазымды қызметтер атқарды. Тағайындалғанға дейін Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Отбасылы, 4 баласы бар.