Ерекше жандарға — ерекше қолдау

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Ақсауыт» ҚБ төрағасы Абзал Әбжаппаровты қабылдады.
Әңгіме барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту-сауықтыру орталығын жаңа үлгіде ашу жоспары талқыланды. Бұл нысан келешекте табиғат аясында бой көтеруі мүмкін. Өңір басшысы әр аудан мен қалада, облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға арналған осындай орталықтардың қажеттілігі туралы ерекше атап өтті. Оларға қоғамда мейлінші қолайлы жағдай жасау әрқашан басты назарда болатынын жеткізді.