«Сарыарқа» ӘКК және «Реалист» СМ Қарағандыда төмендетілген бағалар дүкенін ашу бойынша бірлескен жобаны іске асыруда
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Сарыарқа» ӘКК» АҚ мен «Реалист» сауда маркасы бірлескен жобаны іске асыруға кіріседі. Олар азық-түлік дискаунтері — орташа нарықтық бағадан төмен бағасы бар тауарлардың кең ассортименті бар дүкен ашуда.
Сауда нүктесі Қарағанды қаласы, Восток — 1 шағын ауданы, № 2 үй мекенжайы бойынша бұрынғы «Ғасыр» базарының аумағында орналасқан.
Дүкен өнімдері 950 шаршы метр сауда алаңында орналастырылатын болады. Бұрын бұл аймақтың тек 50 пайызы ғана пайдаланылған.
Бұл әлеуметтік жобаны іске асыру жергілікті тұрғындарға азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Сауда нысанының ашылуы 5 желтоқсанда сағат 10.00-де өтеді. Нысан ашылған күні тауар сатып алған әрбір сатып алушы «Реалист» компаниясынан 1 000 теңгелік сыйлық сертификатын алады.
«Сарыарқа» ӘКК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша