«Public Investment Fund» қоры туралы не білеміз?
Сауд Арабиясы Корольдігінің Мемлекеттік инвестициялық қоры – «Public Investment Fund» 1971 жылы құрылды. Қор Корольдіктің және аймақтың өнеркәсіп пен инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұзақ мерзімді жобаларын басты қаржыландыру көзі.
Бұл – жиынтық активтері 620 миллиард доллар болатын әлемдегі ірі дербес қорлардың бірі. PIF қорында елдің құнды активтері, оның ішінде «Saudi Aramco» ірі мұнай компаниясының активтері де орналасқан.
Директорлар кеңесінің төрағасы – Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері – Мұхаммед бен Салман. Басқарушы – Ясир Осман Әл-Румайян.
Қор ұлттық және халықаралық дәрежедегі ұзақ мерзімді жобаларға инвестиция құю есебінен әлемдік деңгейдегі әртараптандырылған портфел қалыптастырады.
Қызметтің негізгі бағыттары: өнеркәсіп, инфрақұрылым, халықаралық бизнес, экспорты қолдау, қоршаған ортаға әлеуметтік қолдау көрсету және оны қорғау, телекоммуникациялар, аэроғарыш өнеркәсібі, энергетика, жасыл технологиялар.
Пандемия кезінде қор 8,7 миллиард долларға жуық әлемдік ірі компаниялардың акцияларын сатып алды (Boeing, Facebook, Disney, Marriott и Starbucks). Сондай-ақ қор АҚШ-тың ірі Citigroup және Bank of America банктеріне инвестиция құйды. Сонымен қатар BP, Total, Royal Dutch Shell, Eni и Equinor ASA сияқты мұнай алпауыттарының акцияларын сатып алды.
2021 жылы PIF қоры электрондық коммерциядан және қаржы технологияларынан бастап, биотехнологиялар және отын элементтеріндегі коммерциялық автокөліктерге дейінгі әртүрлі компанияларға инвестиция құю арқылы АҚШ-тың акцияларына салымды үш есе арттырып, 43 миллиард долларға дейін жеткізді. Жаңадан PayPal, Alibaba, Walmart, Pinterest және басқа да компанияларға инвестиция салған.