Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 28-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы №439 Жарлығына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде баспа алаңын ұсынады.
Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің редакциясы басылымның баспа алаңының 1 шаршы сантиметрінің құны журналистік жолақта қосымша құн салығынсыз 90 теңгені, түрлі-түсті (төртінші, бесінші және сегізінші) беттерде 180 теңгені құрайтынын хабарлайды. Ал түрлі-түсті бірінші бетке берілетін материалдың көлемі 200 шаршы сантиметрден аспауы тиіс, бұл беттің әр шаршы сантиметрінің құны – 250 теңге.
Газет алаңын беру депутаттыққа кандидатқа баспа үгіт алаңын беру туралы газет редакциясымен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарында қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс екенін еске саламыз.