Жасыл энергетиканы дамыту мәселелері қаралды
Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ. Үсеновтің төрағалығымен Fortescue Future Industries (FFI) and Kazakhstan Fortescue компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында облыста жасыл энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Fortescue Future Industries (FFI) and Kazakhstan Fortescue компаниясы тарапынан жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша егжей-тегжейлі таныстырылым ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ. Үсенов Fortescue Future Industries (FFI) and Kazakhstan Fortescue компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.