Ұлытау облысы «жасыл аймақта»: бірақ босаңсуға болмайды

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандардың саны көбейгендіктен «сары аймаққа» енген болатын. Бүгін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен COVID -19 вирусының таралу деңгейі жөнінде жиналыс өткізді.
Ұлытау облысында бүгінгі күні коронавирус ауруымен 27 науқас тіркелген. Облыс көлемінде 3 айлық көлемде дәрі дәрмекпен, қажет құралдармен қамтамасыз етілген. ПТР сынағын тапсырамын деушілерге «Медициналық орталық», «Олимп», «Invivo» орталықтары жұмыс жасайды, сондай-ақ отбасылық дәрігерлік амбулаториялар да тұрғындардан анализ ала алады. Екпе аламын деушілерге «Pfizer», «Vero Cell» и «QazVac» вакциналары жеткілікті мөлшерде бар.
Облыс әкімі тұрғындарға сақтану шараларын есте ұстап, көпшілік жерлерде медициналық маска киіп, антисептикалық құралдарды жиі қолдану қажеттігін жеткізді.
«Карантин талаптарын қатаң сақтағанда ғана аурудың таралмауына тосқауыл қоя аламыз» – деді облыс басшысы.