Келер жылы Жезқазған қаласында 2 балабақша қолданысқа беріледі

Берік Әбдіғалиұлы облыс орталығын аралау кезінде 9-орамдағы жекеменшік балабақша ғимаратына барып, аталған нысан 2023 жылы пайдалануға берілетіндігін айтты.
Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражатына салынып жатқан 320 орындық балабақшаның да құрылысын аяқтап, 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырды.
Сонымен бірге, қала күнін атап өту жоспарын пысықтап, дайындық жұмысын бастауды, қаладағы бірқатар көшелердің асфальтін жаңалауды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.