Құрметті жерлестер!

Сіздерді күллі мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт – мейірім мен ізгіліктің, жақсылық пен қайырымдылықтың мерекесі. Құрбан айтта жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Көп этносты және конфессиялы елімізде Құрбан айт түрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайтуға ықпал етеді.
Ел халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.
Қазақстанда осынау жарқын мейрамда адамдардың құрбан шалуына, Аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған.
Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, мықты денсаулық, мол бақыт, тыныштық пен береке тілейміз!
Айт қабыл болсын!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.
Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ,
Облыстық мәслихат хатшысы.