Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу басталды

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Кездесу Елбасының еңбек отаны Теміртау қаласында өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың әріптестері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, қоғам өкілдері қатысты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қатысушылардың көпшілігі қашықтан онлайн режимінде қатысты. Кейбір қонақтар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына жиналды.


— Тұңғыш Президент күні — барша қазақстандықтар үшін айтулы мереке. Бірінші болу қашанда қиын, әрі үлкен жауапкершілік. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы жаңа мемлекеттің негізін қалаушы ғана емес, ол нағыз ұлт Көшбасшысына, Тәуелсіздігіміздің символына айналды. Халқымыз оған жаңа Қазақстанды жобалап, құруды сеніп тапсырды, — деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. — Тәуелсіздік жылдарында ұлттық дамудың табиғи жолын қалпына келтіру, мәдениетіміз бен тарихымызды қайтару және сақтау үшін көп нәрсе жасалды.
Бұл ретте Қазақстан этностық әралуандықты артықшылыққа айналдыра отырып, өзінің ұлттық бірлігінің бірегей стандартын жасай алды. Бұл үдерісте Қазақстан халқы Ассамблеясы басты рөл атқарады.
Облыс театрларының әртістері Елбасының басшылығымен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы туралы бейнеролик дайындады.
Тұңғыш Президенттің әріптестері естеліктерімен бөлісті. Теміртаудың Құрметті азаматы, металлург Қуаныш Омашев Елбасының металлургия өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі туралы айтты. Бүгін Болашақ Мемлекет басшысы жұмыс істей бастаған Қазақстан Магниткасы ел экономикасының негізгі флагмандарының бірі болып табылады.
— Теміртауды дамыту — бұл да Елбасының еңбегі. Біз оның арқасында қаламыздың болашағы бар деп санаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан да адамдарға деген ілтипатты көзқарасымен ерекшеленетін. Ол қазақстандықтарға қамқорлық жасауды, игі істер жасауды жалғастыруда, — деді ардагер, Теміртаудың Құрметті азаматы Нина Вахитова.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев оқыған мектеп туралы бейнеролик көрсетілді. Сыныптасы Күләш Әмірова Елбасының мектеп жылдары туралы айтып берді.
Балалар үйінің бұрынғы түлегі Бақытгүл Ғабдуллина өз тарихымен бөлісті. Қыздың өз баспанасы болмаған. Елбасының атына жазылған көмек туралы хат назардан тыс қалған жоқ. Тұрғын үй мәселесі шешілді. Бүгінде Бақытгүл — табысты кәсіпкер әрі ана.
— Бұл Тұңғыш Президенттің дана саясатының, бастамалары мен бағдарламаларының, сондай-ақ оның әрқайсымыздың өмірімізге жеке қатысуының арқасында мүмкін болды. Бірінші желтоқсан мен үшін — Нұрсұлтан Әбішұлына деген құрмет пен алғыс, — деді кездесуге қатысушы.
Әр түрлі мамандықтар мен ұрпақтар алғыс сөздерін айтты. Ұлытау ауданының жас ақыны Мұқағали Сейтқазы өз шығармасын осы оқиғаға арнады.
Дәрігер Нұрқаси Аббатов барлық жұртшылықты денсаулығын сақтауға шақырды.
Кездесу соңында ең жас қатысушылар – Жезқазған балабақшасының тәрбиеленушілері қауымды мерекемен құттықтап, өлең оқып, сыйлықтарын ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.