Сапура Төлекова «Ұлытау облысының білім басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Сапура Сейдуәлиқызы Төлекова, 48 жаста. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қараағаш ауылында туған.
Ө.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Қаражал қаласында информатика пәнінің мұғалімі болып бастап, әр жылдары Жезқазған қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейде директордың орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында түрлі лауазымдар атқарған.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары, «Өрлеу» БАҰО Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры болған.
Отбасы жағдайы: 1 баласы бар.