Жезқазған қаласының әкімі тағайындалды

Ұлытау облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президент әкімшілігінің және Жезқазған қалалық мәслихатының келісім беруімен Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

  • Қайрат Абдоллаұлы Шайжанов, 44 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған.
  • Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен. 2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы АШМ «ҰҒАБО» КЕАҚ активтерді басқару департаменті директоры лауазымын атқарған.
  • Үйленген, 4 баласы бар.