Ұлытау облысының әкімі Кеңгір су қоймасының жағалауын аралады
Бүгін облыс әкімі Кеңгір су қоймасының жағалауын аралады. Болашақта су қоймасының жағалауын халықтың демалысына қолайлы аймаққа айналдыру жоспарланып отыр.
«Қаладағы 6-ықшамауданда жағалау абаттандырылып, көрікті орынға айналды. Енді мына Деев, Жеңіс көшелерінің төменгі жағын 2023-2024 жылдары, одан кейін 2025 жылы Қостангелді сайдағы жағалауды да солай абаттандырып, парктік аймаққа айналдыруымыз керек»,- деген Берік Әбдіғалиұлы жауапты тұлғаларға жағалаудың баланстық тиесілігі мәселесін шешіп, жалпы ландшафтық келбетті сақтай отырып абаттандыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.